присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Атырау облысында мемлекеттік мекемелердің басшылары жауапкершілікке тартылды

05 маусым 2023 16:06
Атырау облысында мемлекеттік мекемелердің басшылары жауапкершілікке тартылды

Құрманғазы ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметіне талдау жасады.

Талдаумен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес құзыреттілік талаптарына сай келмейтін өнім берушілерді жеңімпаз деп тану, нақты тауар атауының маркасын көрсету, тауарларды жеткізудің қысқа мерзімін айқындау фактілері анықталды.

Мысалы, тапсырыс беруші «Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ атынан мердігерлерге алдын ала сатып алынатын тауарлардың маркасы, атауы туралы мәліметтер берілген. Сондай-ақ бірқатар білім беру ұйымдары қойылған талаптарға сәйкес келмейтін қызмет көрсететін кәсіпкерлерді заңсыз жеңімпаз деп таныған.

Прокурорлық ден қою шараларымен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзған мемлекеттік мекемелердің 11 басшысына 1,7 млн теңгеден аса әкімшілік айыппұл салынып, 14 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру