присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

inDrive әлеуметтік әділетсіздікпен күрес туралы фильм түсірді

02 мамыр 2024 14:28
inDrive әлеуметтік әділетсіздікпен күрес туралы фильм түсірді

Хикаяның Қазақстандық бөлігін отандық режиссер түсірді

 

 

inDrive деректі фильмі көрермендерді адамдардың әңгімелері арқылы компанияның тарихымен таныстырады, оның дамуы мен қоғамға ықпалының бірегей сәттерін ашады. Ол inDrive бастамаларының қалай қауымдастықтарға толқын секілді серпілетінін және олардың бастапқы байланыс нүктелерінен әлдеқайда кеңірек болатын оң ықпалды көрсететін көбелек әсері туралы айтады.

 

Фильмде inDrive негізін қалаушы және бас директор Арсен Томскийді қоса алғанда, компания бастамасында болған адамдардың оқиғалары көрсетіледі. Фильм әділетсіздікке қарсы ортақ ұстанымнан туындаған қарапайым идеяның арқасында жаһандық inDrive компаниясы - 700-ден астам қалада және 46 елде жұмыс істейтін әлемде жүктеу бойынша екінші сапарға тапсырыс беру қызметіне айналғанын көрсетеді.

 

«Өмірде мақсатқа емес, жолдың өзіне, сапарға назар аударған дұрыс. Егер сіз өзіңіз үшін маңызды және мағыналы іспен айналыссаңыз және сонымен бірге сыртқы әлемді дамытсаңыз, онда бұл сапардың әрбір қадамымен сіз көп нәрсе аласыз. Және бұл сізден ешкім тартып ала алмайтын дүние. Сіз шыңға жетпесеңіз де, сіз үшін аса құнды нәрсеге қол жеткізесіз. Бұл нұсқама сізге сенімділік береді», — деді inDrive негізін қалаушы және бас директор Арсен Томский.

 

Фильмнің режиссері - Тео Пападулакис  (Theo Papadoulakis). Ол төтенше жағдайларда адамның төзімділігін бейнелеудегі шеберлігімен танымал 70-тен астам халықаралық марапаттардың иегері.

 

Түсірілім бес түрлі елде, үш континентте, сол мемлекеттің болмысы және шындығын жақсы сезінетін жергілікті режиссерлердің көмегімен өтті. Олардың әрқайсысы inDrive миссиясын — әлеуметтік әділетсіздікпен күресті — өзінше көрді және соған орай аша білді. Фильмнің қазақстандық бөлігін WOMEN MAKE DOCS негізін қалаушы, Documentary Association of Europe және European Women's Audiovisual Network қауымдастығының мүшесі, режиссер Кристина Михайлова түсірген.

 

«Бұл қазақстандық қоғам үшін сезімтал тақырыптарға авторлық көзқарасының маңызды тәжірибесі болды. Хикаяның Қазақстандық оқиғасы ерекше, өйткені біздің фильмдегі әділетсіздікпен күрес ішкі, өте жеке, әсерлі және тіпті шарасыз. Бұл бәріміздің кейбір кеңістіктерді иемдену және оларды үй деп атау құқығы үшін күрес. Біз жеке сәйкестіктің нәзіктігі, мәжбүрлі көші-қон процестері, үй сезімі туралы айтамыз. Жалпы, авторлық  brand documentary тұжырымдамасы бойынша халықаралық топпен жұмыс істеу қызықты болды», — деп түсіндіреді режиссер Кристина Михайлова.

 

Қазақстандық бөлімінің кейіпкері 2022 жылы Якутскіден отбасымен Қазақстанға көшіп келген Анастасия Аммосоваболды. «Менің Ресейден Қазақстанға көшу оқиғам қарапайым және басқалардан ерекше емес, бірақ Қазақстанға келген сәттен бастап бізге көрсеткен жылылық пен қонақжайлылық маған қатты әсер етті. Мен бізді әр қадамда қолдап қана қоймай, қазақ халқының қонақжайлылығын сезінуге мүмкіндік берген, көшуімізге, бейімделуімізге үлкен септігін тигізген компанияға алғыс айтамын. Мен өз әңгімемде Star Team бағдарламасының жұмысы туралы айтып, бір күні әлемді жақсы жаққа өзгертетін тамаша қатысушыларымызды көрсете алғаныма өте қуаныштымын».

 

Фильмнің тұсаукесері аясында AlmaU және Қазақ-Америка университеттерінде жастарға арналған арнайы көрсетілімдер мен блогер және Transparency International қорының басшысы Мұрат Данияр, сценарист және қоғам белсендісі Әсем Жәпішева сынды бірқатар қоғам белсенділері, блогерлер және IT секторы өкілдерінің қатысуымен панельдік пікірталастар өтті.

 

movie.indrive.com сілтемесі бойынша inDrive фильмін көріңіз.

 


inDrive туралы

 

inDrive – штаб-пәтері Маунтин-Вью, Калифорния, АҚШ-та орналасқан мобильді және қалалық қызметтер жаһандық платформасы. inDrive қолданбасы 200 миллионнан астам рет жүктеліп 2022 және 2023 жылғы әлемдегі ең көп жүктелген сапарға тапсырыс беруге арналған қолданбаларының ішінде екінші орында. Сапарлардан басқа, inDrive қалааралық және жүк тасымалын, шеберді шақыруды, курьерлік және B2Bжеткізуді қамтитын қалалық қызметтердің өсіп келе жатқан тізімін ұсынады. 

 

inDrive 46 астам елде 749 астам қалада бар. Компания білім беруді, спортты, өнер мен ғылымды, гендерлік теңдікті және басқа да өмір үшін маңызды бастамаларды жақсартуға көмектесетін келісімшарттық төлем моделі мен қауымдастықтарды қолдау бағдарламалары арқылы жергілікті қауымдастықтарды қолдайды. 

 

Қосымша ақпарат www.inDrive.com сайтында

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру