присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қостанайда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

07 маусым 2023 11:44
Қостанайда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Қостанайда полицейлер «Ксанакс» таблеткаларының және есірткінің ірі партиясын тәркіледі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы тұрғынның үйінен айрықша иісті заттар салынған 5 шыны құты және 2 полимерлі Zip-пакет табылды.

Зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін ер адамның құтыларда кептірілген марихуананы сақтағаны белгілі болды. Пакеттерде психотроптық саңырауқұлақтар мен құрамында психотроптық заттар бар «Ксанакс» дәрілік препаратты таблеткалар бар, - деп түсіндірді Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығының міндетін атқарушы Амир Нигматзанов.

Күдіктіден 1 келіге жуық марихуана, 65 грамм кептірілген саңырауқұлақ, сондай-ақ 312 дана «Ксанакс» таблеткасы тәркіленді. ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру