присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елімізде өткен тәулікте 5 адам суға батып кетті

07 маусым 2023 12:52
Елімізде өткен тәулікте 5 адам суға батып кетті

Еліміздің су айдындарында бір тәулікте Астана қаласында, Ақтөбе, Қарағанды және Ұлытау облыстарында 5 адам суға батып кетті.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Қарағанды облысының су айдындарында адам өлімінің 2 жағдайы тіркелген.Сағат 17:30-да Қарағанды қаласының Федоров су қоймасында ТЖД күштері судан 2004 жылы туған жас жігіттің мәйітін алып шықты. Ол сағат 16:55-те шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кетті. Демалыста достарымен бірге болған.

20:17-де Жезқазғанның Кеңгір су қоймасында куәгерлер судан 2005 жылы туған ер адамның денесін алып шықты. Ол рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде суға батып кеткен.

Сағат 17:46-да Астана қаласының Есіл өзенінде ТЖД күшімен Өзбекстан Республикасының азаматы – 1990 жылы туған ер адамның денесі судан шығарылды. Ол да шомылуға жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде сағат 15:52-де батып кеткен, онда ағасымен бірге болған.

21:07-де Ақтөбе облысында Қарғалы өзенінде ТЖД күштерімен судан 2004 жылы және 2003 жылы туған ер адамдардың денесі шығарылған. Олар жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кетті, жағадан заттары табылған.

Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері атқарушы органдармен бірлесіп, өзендер, көлдер мен су айдындары маңындағы аумақтарға патрульдеу жүргізеді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру