присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Теннис: Әмір Омарханов - ITF Juniors J60 турнирінің жеңімпазы!

07 маусым 2023 14:48
Теннис: Әмір Омарханов - ITF Juniors J60 турнирінің жеңімпазы!

Теннисші Әмір Омарханов Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J60 турнирінің абсолютті жеңімпазы атанды.

15 жастағы теннисші – Қарағанды теннис мектебінің түлегі. Қазір ол Чехияда жаттығып жүр. Грузиядағы турнирде ол жекелей және жұптық сында үздік атанды.

Әмір жекелей сында әзербайжандық Канан Гасимовты 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Ол финалға дейін де қарсыластарына бірде-бір сетті берген жоқ. Ал жұптық бәсекеде болгариялық Иван Найденовпен бірге отандастары Ілияс Маратұлы мен Виталий Зацепинді 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Осылайша, Әмір Омарханов ITF Juniors додасында бесінші титулды жеңіп алды. Оның екеуі – жекелей сында.

Тбилисидегі жеңісінен кейін  ол жасөспірімдердің әлемдік рейтингінде 298-орынға көтерілді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру