присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Түрікменстан» әуе компаниясы Алматы мен Ашхабад арасындағы рейстерді қайта бастады

06 маусым 2023 10:44
«Түрікменстан» әуе компаниясы Алматы мен Ашхабад арасындағы рейстерді қайта бастады

«Түрікменстан» әуе компаниясы Алматы мен Ашхабад арасындағы рейстерді қайта бастады.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын қалпына келтіру пысықтады. Осылайша, биыл 2 маусымнан бастап «Түрікменстан» әуе компаниясы екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастады. Тасымалдау «Боинг – 737» үлгісіндегі әуе кемелерінде жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы – Ашхабад бағыты бойынша орындалады.

Әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру